Жетінші қаңтар күні еліміздің бірқатар аймағында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр. Синоптиктер республиканың астанасы мен төрт облысында дабылды ескерту жариялады, - деп хабарлайды Қазгидромет.
Ертең Нұр-Сұлтанда тұман сақталады.
Ақмола облысының кей жерлері мен Көкшетау қаласында да тұман түседі.
Қостанай облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ.
Түркістан облысының кейбір аймағында тұман және көктайғақ күтіледі.
Шымкент пен Түркістан қалаларында да түнде және таңертең – тұман, көктайғақ.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ сақталады.
Бұған дейін Қазгидромет алдағы үш күндегі ауа райына болжам жасады. Республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады. Ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр.