26 мау, 2020 сағат 12:41

Ауа райы: Бес өңірде ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

27 маусымда Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде және Түркістан қаласында найзағай жарқылдап, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші - 15-20, екпіні - 25 м/с жетеді.

Осы күні Шымкент қаласында кей уақытта күн күркіреп, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

27 маусымда Қызылорда облысының кей жерлерінде және Қызылорда қаласында найзағай ойнайды, шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны кей жерлерде 25 м/с децін күшейеді.

27 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркірейді, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Өскемен және Семей қалаларында найзағай жарқылап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады.

Осы күні Петропавл қаласында күн күркіреп, дауыл соғады. 27 маусым тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.