Атырауда 24 жастағы жігіттен 3 мыңнан астам доза синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 наурызда Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласындағы Гайдар көшесінде 24 жастағы жігітті ұстаған.
«Оның пәтерін тінту кезінде жалпы салмағы 1 келі синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Ұсталған күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалды», - деді облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.