09 қар, 2020 сағат 16:57

Атыраулық палуан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Атыраулық палуан Еркебұлан Қуанғалиев жауынгерлік самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Самбомен біраз жылдан бері айналысатын Еркебұлан Қуанғалиев Сербия Республикасының Нови-Сад қаласында жалауын көтерген әлемдік додада 52 келі салмақта бақ сынады. Бұл сайысқа әлемнің 30 елінен 400-ден астам палуан қатысуда. 

Халықаралық додада ел намысын қорғаған атыраулық спортшы іріктеу кезеңінде чех палуанынан басымдығын айқын танытқан еді. Жартылай финалды испан спортшысын қапы қалдырды. Алайда, алтын медальға қол созым қалғанда оның жолын Ресей спортшысы кесті. Сөйтіп, атыраулық палуан Еркебұлан Қуанғалиев жауынгерлік самбодан ересектер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды.