Фото: ашық дереккөз
Өзін «Атыраудың хакерімін» деген азамат халықаралық іздеуге жарияланды, деп хабарлайды Ult.kz.
Атырау облысында жоғалған отбасы туралы желіде түрлі нұсқа таратқан өзін «хакер» деп таныстырған ер адамды Интерпол іздеп жатыр. Өңірлік полиция оның алаяқтық бойынша халықаралық іздеуге жарияланғанын растады. Алдын ала мәліметке сай, күдікті шетелде жасырынуы мүмкін.
Полиция әлеуметтік желідегі «зерттеуіндегі» бірқатар дерек шындыққа сай келмейтінін айтып, тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды.
