19 шіл, 2018 сағат 07:54

Атыраулық дәрігер өлейін деп жатқан науқасқа көмек бермей, телефонмен сөйлесіп отырған (Видео)

Дәрігер мейлі жұмыс орнында, мейлі басқа жерде болсын науқас адамның жағдайына куә болса, оған дереу алғашқы жәрдем беруге міндетті. Көшеде емес, тура алдына кеп тұрған науқасқа көмек көрсетудің орнына телефонмен сөйлесіп отырған дәрігер жұрттың ашуына тиді. Видео Instagram-парақшасындағы bespredel.kaz тобында жарияланған.

Видео авторы оқиғаның Атырау қаласындағы ауруханалардың бірінде болғанын жазған. Онда ер адамның жанұшырып айқайлап, «ауа керек, мынау аз, жетпейді» деп қиналып жатқаны анық көрінеді. Ал дәрігер болса, бірі көмек көрсетудің орнына телефонмен сөйлесіп әлек.

Желі қолданушылар мұндай жағдайға жиі ұшырасатынын айтады.

«Бұл - Қазақстан. Бірінші рет емес, көрген күніміз осы ғой ылғи», «Мына әйел адам өлейін деп жатса, телефонмен «не істейін?» деп сұрап отыр ма?», «Түсіріп тұрған адамның жүйкесі мықты екен. Мен ана отырған дәрігерді ұрып жіберер едім», - деп жазған олар.

sn.kz