Фото: ашық дереккөз
Атырау облысында табиғатты қорғау прокуратурасы «Теңізшевройл» ЖШС-не қоршаған ортаны ластау дерегі бойынша 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Ult.kz.
Прокуратура 2023 жылдың 3 және 4 тоқсандарында, сондай-ақ 2024 жылдың алғашқы екі тоқсанында атмосфераға рұқсат етілген шектен тыс 49,3 тонна ластаушы заттар шығарылғанын анықтаған.
Оның ішінде 4,9 тонна ластаушы зат қоршаған ортаға ешқандай экологиялық рұқсатсыз тасталған.
Анықталған құқықбұзушылықтар негізінде әкімшілік іс қозғалып, сот «ТШО» компаниясына ірі көлемдегі айыппұл салу туралы шешім шығарды. Бұл шешім заңды күшіне енді.
Аймақта атмосфералық ауаның ластануы өзекті экологиялық мәселе болып қала береді. Прокуратура бұл бағытта қадағалау жұмыстарын тұрақты жүргізіп отыр.
