Атырауда мейрамхана алдында төбелескендер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, төбелес 30 қазанда сағат 23:30 шамасында №1 қалалық полиция бөліміне 1984 жылығы азамат шағымданған.
«Арызданушының айтуынша, оны белгісіз адам мейрамхана алдында ұрып-соғып, дене жарақатын салған. Тексеру кезінде жәбірленушінің достарымен кездесу үшін мейрамханаға келгені анықталды. Жәбірленуші мейрамхананың сыртында белгісіз адамдардың төбелесіп жатқанын көріп, оларды ажыратпақ болған. Сол кезде жанжал шығарушылардың бірі жәбірленушіні ұрып жіберген» -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Полиция қызметкерлері жәбірленушінің шағымына сәйкес, жедел іздестіру іс-шарасын жүргізген. Қазір 30 жастағы азамат ұстады. Төбелеске қатысқан өзге адамдар іздестіріліп жатыр.
Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабының 2-бөлігімен (Бұзақылық) қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.