14 мау, 2021 сағат 16:00

Атырауда «Гаухартас» тұрғын үй кешені өртенді


Атырау қаласындағы «Гаухартас» тұрғын үй кешені өртенді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 13 маусымда болған. 

«Кешкі сағат 22:19-да Атырау қаласының «Сарықамыс» шағынауданындағы 2 қабатты «Гаухартас» тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына барғанда 8 пәтерлік тұрғын үй кешенінің төбе жабындысы мен 2-қабаты жанып жатты. Тұрғын үй кешенінен 21 адам, оның ішінде 10 бала өздігімен қауіпсіз жерге шыққан» -тдеп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жалынды сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 50 қызметкер мен 8 техника, «Өрт сөндіруші» АҚ филиалынан 3 қызметкер, 1 техника, «Ақ Берен» АҚ филиланынан 2 қызметкер, 1 техника, «НКОК» компаниясынан 4 қызметкер, 1 техника, СКЭБР-ден 4 қызметкер, 1 техника, полиция департаментінен 7 қызметкер, 3 техника жұмылдырылған. Өрт сағат 00:43-те оқшауланып, сағат 00:57-де толықтай жойылған.