Атырауда 51 жастағы ер адам өзіне қол салды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қайғылы оқиға 15 маусымда қала маңындағы «Өркен» шағын ауданында болған.
Өз үйінің ауласында 51 жастағы ер адам асылып қалған.
«Оның денесі жазғы жуыну кабинасынан табылды. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабымен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
