13 шіл, 2021 сағат 10:41

Атырау тұрғыны үйінің ауласында марихуана өсірген


Атырауда үйінің ауласына сора өсірген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың ақпаратына сүйенсек, есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері марихуана өсірумен айналысқан тұрғынды анықтаған. 

«Ұсталған күдіктінің мекенжайы бойынша ауласын тінту кезінде 10 түп өсімдік табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткі затының 14 түп сора өсімдігі екені белгілі болды», - дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Қазір ауласында есірткі өсірген үй иесіне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.