02 ақп, 2021 сағат 12:12

Атырау облысында 24 шетелдік елден мәжбүрлі түрде шығарылды

Атырау облысында сот қаулысын орындамаған 24 шетелдік елден шығарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. 

«Аталған іс-шараның мақсаты – қызмет көрсетілетін аумақта шетелдіктерге тиісті бақылауды күшейту. Сондай-ақ, Қазақстан заңнамасын жүйелі түрде бұзатын шетелдіктердің ҚР «Азаматтық процестік» кодекстің талабына сәйкес елден шығып кетуін қамтамасыз ету», - дейді облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзып, ел аумағынан өз еркімен шығып кету жөніндегі соттың қаулысын орындамай жүрген Өзбекстан Республикасының 24 азаматы анықталған. Полиция қызметкерлері шетелдіктерді елден мәжбүрлеп шығару шарасын жүргізді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда құқық бұзған 50 шетелдік елден шығарылғанын жазған болатынбыз.