11 шіл, 2020 сағат 21:28

Атырау облысына дәрігерлер жіберіліп, дәрі-дәрмек жеткізіледі - Президент

ҚР Үкіметі Атырау облысына дәрігерлер жіберіп, дәрі-дәрмек жеткізеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Атырау облысындағы ахуал туралы қоғам өкілдерінің шағымдарымен таныстым. Премьер-Министрдің орынбасары бастаған комиссия аймаққа барып қайтты. Үкімет өңірге дәрігерлер жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіп, көмектеседі», - деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де. 

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны бойынша елімізде алдыңғы орында тұр. Өңірде барлығы 7393 адам тіркелдіоның 4729-ы жазылып шықты, қайтыс болды - 13 науқас.