25 нау, 2021 сағат 07:51

Атырау облысы «қызыл» аймаққа кірді

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 25 наурыздағы мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Атырау облыстары тұр. 

«Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.