«Қызыл» аймақтағы Атырау қаласында демалыс күндері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жәрмеңкесі өтеді.
Бұл туралы ақпаратты Атырау қалалық әкімдігі Facebook-тегі парақшасындажариялады.
«31 шілде және 1 тамыз күндері сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін «Аламан» және «Елнас» базарында Атырау қаласының тауар өндірушілері мен шаруашылық құрылымдарының қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылатынын хабарлайды. Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес короновирус инфекциясының алдын алу шаралары бойынша сізден өзіңіздің денсаулығыңызды қорғау мақсатында адам арасында 2 метр қашықтықты және маскалық режим сақтауыңызды сұраймыз» -делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ, ақпаратта жәрмеңке өтетін орынға қатынайтын қоғамдық көліктің маршруты көрсетілген.
