Аты аңызға айыналған бразилиялық футболшы Пеле сейсенбі күні таңертең ауруханаға түсті, - деп хабарлайды O Dia басылымы.
Бразилиялық БАҚ мәліметінше, 80 жастағы спортшы есінен танып қалған. Денсаулығының нашарлау себептерін анықтау үшін Пеле Сан-Паулудағы Альберт Эйнштейн атындағы аурухананың қарқынды терапия бөліміне жатқызылған.
Кейінірек Пеленің өзі Twitter-де талмағанын және өзін жақсы сезінетінін жазды. Ол коронавирус пандемиясына байланысты бұрын бара алмаған жоспарлы тексеруден өтіп жатқанын атап өтті. Ол тіпті келесі жексенбіде алаңға шығатынын айтып қалжыңдады.
Пеле (Эдсон Арантис ду Насименту) Бразилия құрамасынмен үш рет әлем чемпионатында жеңіске жеткен. Ол Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) нұсқасы бойынша "жүз жылдықтың ойыншысы" атанды.
1162 рет оқылды