12 мау, 2020 сағат 01:05

Аты аңызға айналған Коби Брайантқа «Эмми» сыйлығы берілді

Биылғы жылдың қаңтарында қаза тапқан Ұлттық баскетболшылар қауымдастығы (ҰБҚ) клубы «Лос-Анджелес Лейкерстің» бұрынғы қорғаушысы, Коби Брайант «Эмми» сыйлығының лауреаты атанды. Бұл туралы америкалық телевидение академиясы Twitter-де жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Марапат америкалыққа Лос-Анджелесті дамытуға қосқан үлесі үшін беріліп отыр. 

Брайант 26 қаңтарда жеке тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан мерт болды. Ол 13 жасар қызымен Джианнамен бірге баскетболдан жасөспірімдер матчына бара жатқан.

Борттағы тоғыз жолаушының бәрі қаза тапты.

Брайант өзінің спорттық жолында «Лос-Анджелес Лейкерс» клубында өнер көрсетті. Командамен бірге Ұлттық Баскетбол қауымдастығының бес рет чемпиондық титулын жеңіп алды. Ол - екі дүркін Олимпиада алтынының иегері.

Айта кеткен жөн, «Эмми» - АҚШ-та телевидение саласындағы басты марапат. Оны әр жыл сайын Америкалық телевидение академиясы тапсырады.