25 ақп, 2019 сағат 15:22

«Атамекен» ҰКП-ның Басқарма төрағасының екі орынбасары тағайындалды

«Атамекен» ҰКП-ның президиумының шешімімен палатаның Басқарма төрағасының екі орынбасары тағайындалды. Бұл туралы палатаның ресми сайтында хабарланды. 

Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне Евгений Больгерт тағайындалды.

Ол Ресей Федерациясы Әділет Министрлігіне қарасты Ресей Құқықтық Академиясын (Москва, Санкт-Петербург) үздік бағамен тәмамдаған заңгер. Дрезден университетінің (Германия) заң факультетінің Европалық құқық кафедрасында оқыған. Германия, Дания, Австралия, Ұлыбритания, Австралия секілді елдерде тағылымдамадан өткен. Ағылшын және неміс тілдерін жетік меңгерген.

Кәсіби қадамын заң қызметтері мен биржа саудасынан, ірі компаниялардың жобаларына жетекшілік етуден бастаған.

2011 жылдан бері Республикалық тау-кен қазу және тау-кен металлургиялық Қауымдастығы Директорының орынбасары қызметін атқарған.

2013 жылы «Атамекен» құрылғаннан бері тау-кен өндірісі Секретариатының басшысы, салалық база директорының атқарушы орынбасары болды.

2016-2019 жылдар аралығында өндірістік қауіпсіздік және нысандардың техникалық диагностикасына бағытталған «Kamkor Service»( «Қамқор Менеджмент» компаниясының еншілесі), ЖШС Бас директоры қызметін атқарған.

Сондай-ақ «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне Ләззат Рамазанова тағайындалды.

Лаззат Рамазанова Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін, (1990-1995), Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген (1998-2001).

1995-1998 жылдары - Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласы Бас консулдығында қызмет етті.

1998-1999 жылдары - ҚР СІМ баспасөз-атташесі, Әкімшілік және бақылау департаментінің атташесі болды.

1999-2002 жылдары - ҚР Қаржы министрінің хатшылығында қызмет етті.

2002 жылы - ҚР ЭБЖМ Халықаралық қаржы қатынастары департаментінің бөлім бастығы болды.

2003-2005 жылдары - «Dala group» ЖАҚ Бас директорының кеңесшісі, кейіннен Бас директоры қызметін атқарды.

2006-2007 жылы - ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы болды.

2007-2008 жылдар- ҚР Қаржы министрлігі Борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, 2008-2009 жылдары - ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті, Алматы облысы бойынша Қаржы бақылау инспекциясы бастығының орынбасары.

2011-2013 жылдары - ҚР ҚМ Қорғаныс, құқық қорғау жүйесі және мемлекеттік органдар саласындағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау, іске асырылуын бағалау және жоспарлау департаментінің директоры.

2013 жылдан - «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы хатшылығының басшысы болды.

2015 жылдан - «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

2017 жылдан - Ұлттық олимпиада комитеті президентінің кеңесшісі болды. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.