16 қар, 2017 сағат 11:45

Атамбаевтың сөздері көршілердің ынтымағын бұзады – Тоқаев

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың ЕАЭО-ға және Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы жағдай туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпаратBaq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Атамбаевтың тағы да Қазақстанға лас шабуыл жасап, жындана сөйлеуі нағыз тату көршілердің ынтымағына зиян тигізеді. Үлкен саясатта мұндай эмоцияға орын жоқ. Қырғызстанға блокада жасалып жатқан жоқ. ЕАЭО-ның шарттары мен талаптарын орындау керек. Келіссөздің тақырыбы осы ғана», - деп жазды ол твиттердегі парақшасында.