Қырғыз Республикасы Жоғарғы Сотының Конституциялық палатасы бүгін бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың жақтаушыларының заңға қайшы конституциялық емес заң нормасын мойындау туралы өтінішхатын қарастырып, Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айырды. Бұл туралы Кабарға агенттігі хабарлайды.
Судьялар жиналыс бөлмесінен шыққан соң шешімді жариялады.
Сот алқасы Қырғызстан Республикасы Конституциялық палатасы «Қырғызстан Республикасы Президентінің қызметіне кепілдік беру туралы» Заңға өзгеріс енгізу заңын қабылдау Қырғызстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтінін шешті.
Алайда Конституциялық палата Президент акті арқылы экс-президентке берілген кепілдікті алып тастай алатынын Конституцияға қайшы деп шешті.
Судья бұл шешімнің түпкілікті және шағымдануға жатпайтынын атап өтті.
Процесс судья Қарыбек Дүйшеевтің төрағалығымен өтті. Сондай-ақ, оған Эмиль Осконбаев, Чинара Айдарбекова, Мұқамбет Қасымәлиев, Жедігер Саалаев, Қуанбек Қырғызбаев, Айсалқын Нарынбеков, Чолпон Осмоновалар қатысқан.
Еске сала кетейік, Қырғызстанның Жогорку Кенеші Атамбаевты ерекше құқығынан айырды. Оған 4 бап бойынша айып тағылған еді.