22 сәу, 2021 сағат 10:30

Астаналық тұрғын танысының банк картасынан 2 млн теңге ұрлап кетті

Елорданың криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасау күдігіне іліккен 35 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында күдіктінің үйін сатқан танысымен қонақ үйде спирттік ішімдік ішкені анықталды. Ол бөтелкелесінің мас болып қалғанын пайдаланып, оның ұялы телефоны мен банк картасы салынған әмиянын алып кеткен және банкоматтан шамамен 2 млн теңге қаражатын шешіп алған.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің елорда аумағында бұған дейін жасалған осындай қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.