24 қаз, 2024 сағат 11:03

Астанада Республика күніне орай мерекелік отшашу болады


Фото: © Sputnik / Владислав Воднев


Астанада Республика күніне арналған мерекелік отшашу ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.


Республика күніне арналған мерекелік отшашу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

Отшашу 25 қазан күні сағат 21:00-де Триатлон саябағында (Пирс ауданы) өтеді.


Айта кетейік, осы айтулы күннің құрметіне Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шара, соның ішінде мерекелік концерт, көрме, дөңгелек үстел, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және басқа да көптеген іс-шара өткізу жоспарланған.


Іс-шаралар орталық алаңдар мен ірі нысандарда, сондай-ақ тұрғын алаптардың аумақтарында, білім беру ұйымдарында және т. б. орындарда өтеді.