09 қар, 2025 сағат 17:14

Астанада ДНҚ арқылы 9 жыл бұрынғы қылмыс ашылды

Фото: ашық дереккөз

2016 жылы қаскүнем 80 жастағы әйелдің үйіне кіріп, оған зорлық көрсетіп, аяусыз соққыға жыққан. Қылмыс ізін жоюға тырысып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Ult.kz.

Криминалистер тексеру барысында көзге әрең көрінетін биологиялық іздерді тапқан, сол үлгілерден ДНҚ-код алынған.

ІІМ-нің молекулалық-генетикалық зертханасындағы заманауи технологиялар және ДНҚ базасының көмегімен сәйкестік анықталды. Нәтижесінде 65 жастағы күдіктінің жеке тұлғасы белгілі болды. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

 Күдікті өз кінәсін мойындады.