28 қаз, 2016 сағат 13:04

Қазақстандағы жанармай құю бекеттерінде АИ-92 бензині қымбаттады

Қазақстандағы жанармай құю бекеттеріндегі АИ-92 маркалы бензиннің бағасы қымбаттады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, "ҚазМұнайГаз" жанармай құю желісіндегі АИ-92 бензині литріне 125 теңгеден 128 теңгеге дейін қымбаттаған. Helios бекеттеріндегі АИ-92 литр үшін 129 теңге, ал Nomad жанармай құю желісінде бензинның бір литрі 127 теңге болып тұр. Ал "Аурика" жанармай бекеттерінде АИ-92 бағасы 131 теңгені құраған. Sinoil болса, АИ-92 маркалы бензинді 129 теңгеге дейін көтерген.