31 там, 2020 сағат 10:11

«Астана» велошабандозы «Марко Пантани мемориалында» жеңіске жетті

«Астана» велошабандозы Фабио Феллине Италияның Чезенатико қаласында өткен «Марко Пантани мемориалы» бір күндік жарысында жеңіске жетті, деп хабарлайды sports.kz.

«Астана» командасының италиялық велошабандозы Фабио Феллине бірінші болып мәре сызығын кесіп өтті. Екінші орынды «Ineos» командасынан британдық Итан Хейтер иеленсе, үштікті «UAE Team Emirates» командасынан белорус Александр Рябушенко тұйықтады. 

«Астананың» басқа велошабандоздары мынадай кезекпен келді: Никита Стальнов — 34-ші, Мануэле Боаро — 37-ші болып мәре сызығын аттаса, Мерхави Кудус пен Вадим Пронский жарысты аяқтай алмады. 

«Мемориал Марко Пантани» 

Castrocaro Terme e Terra del Sole — Cesenatico. 199.8 шақырым 

1. Фабио Феллине (Италия, «Астана») — 5:05:25 2. 

2. Итан Хейтер (Ұлыбритания, «Ineos») 

3. Александр Рябушенко (Беларусь, «UAE Team Emirates») 

34. Никита Стальнов (Қазақстан, «Астана») — +0:26 

37. Мануэле Боаро (Италия, «Астана») — +0:49.