11 там, 2021 сағат 14:43

Астана тұрғыны қазақстандықтарды 12 млн теңгеге алдаған


Қазақстан аумағында 9-15 тамыз аралығында киберқылмыстың жолын кесуге бағытталған Anti Fraud жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Polisia.kz ақпараттық порталының мәліметінше, елорданың криминалдық полиция қызметкерлері екі күннің ішінде ақпараттық технология саласында бұған дейін жасалған 20 қылмысты әшкерелеп, тағы 18 фактіні анықтады. 8 күдікті ұсталды. 

Мәселен, Түркістан облысының 20 жастағы тұрғыны Instagram арқылы ақшаны еселеп беремін деген желеумен елорда тұрғындарының шамамен 10 млн теңгесін қолды еткен. 

Сонымен қатар полиция қызметкерлері 38 жастағы елорда тұрғынын дәл осындай қылмысқа күдікті ретінде қамауға алды. Ол ел азаматтарына шамамен 12 млн теңге шығын келтірген. 

Осыған орай Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті әлеуметтік желідегі онлайн мәмілемемен байланысты алаяқтық интернеттегі қылмыстардың ең көп тараған түрі екендігін ескертіп отыр.