Астана тұрғыны 10 қабаттан құлағалы тұрған 7 жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Оқиға Сарыарқа ауданының Жеңіс даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінде 24 қыркүйекте болған.
«Таңғы 10:16-да Жеңіс даңғылындағы 28-үйде жас баланың 10-қабаттан құлау қаупі туралы хабар келіп түсті. 10:22-де оқиға орнына Астананың №2 арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі жеткен және олар келгенше 9-қабаттағы тұрғын баланы құтқарып үлгерген», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Оның айтуынша, бала ата-анасына тапсырылды. Оның жағдайы қалыпты және қосымша медициналық көмекті қажет еткен жоқ.