06 там, 2020 сағат 10:45

Astana Pro Team велошабандозы «Тур Окситании» көпкүндігінде үшінші орын иеленді

Александр Власов Рокамадур қаласында ұзақтығы 195 метр кезеңмен аяқталған франциялық «Тур Окситании» көпкүндік жарысының қорытынды классификациясында үшінші орын иеленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Власов мәреге шамамен 600 метрдей қалған сәтте басты қарсыластарынан озбаққа әрекеттенді. Ол бес секундтық басымдыққа ие бола алған, алайда мәренің дәл алдында қарсыластары оны қуып жетті. Барлығы спринт жарысында шешілді. Оның жеңімпазы франциялық спортшы Бенуа Конефруа болды. Александр Власов бесінші болып келді, бұл нәтиже жарыстың жалпы есебінде үшінші орыннан көрінуіне жеткілікті болған. 

«Тур Окситании» жарысының жеңімпазы - Колумбия спортшысы Эган Берналь болса, екінші орынды Павел Сиваков, ал үшінші орынды Александр Власов еншіледі.