Фото: DigitalBusiness.kz
Астана мен Алматы көшелеріндегі ақылы тұрақтар енді жеке компаниялардың иелігінде болмайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзінің Facebook парақшасында жазды.
Депутаттың айтуынша, Құрылыс кодексі жобасын талқылаған жұмыс тобы оның Жер кодексінің 109-бабына енгізген түзетуін қолдаған. Бұл түзету екі қаладағы жеке иеліктегі ақылы тұрақтарды алып тастауға бағытталған.
«Алматыда олигархтар фирма-прокладка құрып, халықтан тұрақ ақысы арқылы ақша жинады. Қаланың бюджеті миллиардтаған теңгеден айырылды, кінәлілер сотталды, бірақ жүйе тоқтаған жоқ. Алматыда да, Астанада да жалғаса берді. Халық төлеп жатқанда, біреулер сол ақшамен байып отырды», — деп жазды Базарбек.
