25 мау, 2021 сағат 18:30

«Астана» құрамына албаниялық қорғаушы қосылды


Елордалық «Астана» футбол командасы албаниялық қорғаушы Энео Битримен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Энео Битри 1996 жылдың 26 тамызында сол елдің Берат қаласында дүниеге келген. 

Бұдан бұрын өз елінде «Томори», «Партизани» және «Камза» клубтарында доп тепті. 

Өзінің кәсіби мансабында ол Албания чемпионы атағына қол жеткізіп, ел кубогының иегері атанған. 

«Мен «Астанамен» бірге үлкен жеңіске жеткім келеді. Барлық мақсаттқа қол жеткізуге үлес қосуға тырысамын. Мен клуб пен қала туралы көп естідім. Маған Нұр-Сұлтан ұнады. Шын мәнінде заманауи және әдемі қала екен», - деді албаниялық футболшы.

Айта кетсек, «Астана» сапынан Араздат Ароян Испанияның «Кадис» клубына ауысқан еді. 

Энео Битри командада сол футболшының орнын алмастырады деп күтілуде.