03 мам, 2020 сағат 13:25

«Astana» командасы «Джиро д'Италия» веложарысының кезеңінде 2-орын алды

«Джиро д'Италия» виртуалды веложарысының кезекті кезеңі аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

«Astana Pro Team» командасы жарыста екінші орынды иеленді. Бесінші кезеңнің қорытындысы бойынша «Jumbo - Visma» командасы жеңімпаз атанды. Роберт Жесинку (үздік жеке уақыт көрсеткіші -53'05«) мен Стивен Круйсвийку (үшінші үздік жеке уақыт) арқасында команда 30 км қашықтықты 1:47'27» уақытында жүріп өтті. Екінші орынға Astana Pro Team командасы жайғасты. Үздік үштікті Androni Giocattoli – Sidermec қорытындылады. 

Жарыстың бесінші кезеңінде Astana Pro Team сапынан Якоб Фульсанг пен Ион Изагирре жарыс жолына шыққан. Олар «Jumbo - Visma» спортшыларынан 26’15» уақыт көрсеткішімен артта қалып қойған. Ал, жарыстың бірінші кезеңінде қазақстандық спортшы Алексей Луценко топ жарған болатын.