22 нау, 2019 сағат 15:21

Ұлт көшбасшысына деген шынайы құрмет

"Nur Otan" партиясының Хатшысы Қаныбек Жұмашев ел астанасының "Нұр-Сұлтан" болып өзгеруіне қатысты пікір білдірді.

"Елордамыз Астана қаласын "Нұр-Сұлтан" деп атауын өзгерту туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің қабылдаған шешімі - тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, керегесін кеңітіп, шаңырағын биікке асқақтатқан Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген ақ пейіл, шынайы құрмет, xалқымыздың ризашылығы деп түсінемін. Қала атауының өзгеруін жарқын болашаққа деген жаңа талпынысқа, үлкен сенімге, ақталар үмітке балаған дұрыс. "Астана" деген әлемге таныс болған брендті басқа нысандардан алмай, сақтап, одан әрі дамыта отырып, елордамыздың жаңа "Нұр-Сұлтан" атауын көңілімізге тоқи берейік дегім келеді. Жалпыұлттың бірлігі мен ынтымағы үшін мәмілеге келе білген қазақстандықтар бұл жолыда асқан парасаттылық пен даналықты ту етеріне сенімім мол", дейді ол.