«Astana Hub» инновациялық экожүйенің өзегіне айналады. Бұл туралы бүгін «Astana Hub» халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінің жұмысын ресми іске қосу шарасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Astana Hub» халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі инновациялық экожүйенің өзегіне айналады. Технопарк қатысушылары жеңілдетілген визалық және еңбек режімдерін пайдалана алады. Оларға салықтық және өзге де жеңілдіктер беріледі. Оның базасында менторлық институты құрылып, сарапшылар стартап-командаларды сүйемелдейтін болады. Бүгін мен R&D зертхана жұмысымен , стартап-компанияларлармен таныстым. Мұның барлығы қатты таңғалдырады әрі қуантады. Егер ЭКСПО-2017 болмағанда бұл ғимарат та болмас еді», - деді Елбасы.
Қазақстан Президенті еліміздің жастар стартап жобаларын дамыту үшін арнайы ғимарат салдырмақ ойы болғанын атап өтті.
«Дегенмен, ендігі уақытта елімізде табысты өткен ЭКСПО-2017-ден қалған дайын ғимаратты пайдаланамыз. Ендігі уақытта бізге ІТ-таланттардың жаңа генерациясын табысты жүргізу қажет. Негізгі мақсат - ақылды, талантты, қабілдетті балаларға жәрдем мен көмек көрсету. Біз жеке бастамаларды, бағдарламалау мектептерін, робототехника мен киберспорт бойынша спартакиадалар мен олимпиадаларды жан-жақты қолдаймыз. Жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламасы жаңартылды», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент бүгінде өз беттерінде халықаралық нарық шыққан жастарымыздың да бар екендігін, олардың жетістіктеріне қуанатындығын баса айтты.
Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев «Astana Hub» жұмысын ресми іске қосқанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, Қазақстанда ІТ-университет құрылмақ.