04 қаз, 2024 сағат 22:40

Астана әуежайында паркинг бағасы өседі

Фото: pixabay.com

Астана әуежайында паркинг бағасы өсетін болды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Әуежай өкілдерінің айтуынша, тұрақ аймағының, жабық паркингінің, әуежайдың экспресс желісі мен бірінші жолағының инфрақұрылымын жақсарту және жолаушыларға қызмет көрсетуді тиісті деңгейде ұстау мақсатында баға өседі.

"Сондай-ақ объектіні ұстауға жұмсалатын шығыстардың ұлғаюына, оның ішінде 2024 жылға арналған коммуналдық қызметтердің тарифтері ұлғаюына және инфляцияның өсуіне байланысты, Сіздерді 2024 жылғы 15 қазаннан бастап қызмет көрсетуші компания Smart Parking Technologies ЖШС-ның қосымшада көрсетілген бағаларға сәйкес тұрақ орнын жалға беру қызметі үшін тарифтік жоспары өзгергені туралы хабардар етеміз", - делінген хабарда.