04 қаң, 2023 сағат 10:41

Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі болды

Фото: primeminister.kz

Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

Асхат Раздықұлы 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Білімі:

Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университеті.

Еңбек өтілі:

Әр жылдары Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, протокол бөлімінің аға маманы болып жұмыс істеген.

2014-2016 ж.ж. – «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016-2017 ж.ж. – Астана қаласының «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының м.а.

2017-2018 ж.ж. – «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының» ММ басшысы.

2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры.

2018-2019 ж.ж. – ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары.

2019-2020 ж.ж. – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2020-2021 ж.ж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі.

2021-2022 ж.ж.– Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.