Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери техниканың Украинаға жөнелтілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Әлеуметтік желілерде тараған қазақстандық әскери техниканы Украинаға жөнелту туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл - бронды машиналар жоспарлы түрде жөндеуге жіберілгенде түсірілген ескі видео.
Қазіргі уақытта әскери техника сақтау орнында. Бұдан бөлек, 2022 жылғы 27 тамыздан бастап қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын да хабарлаймыз", - делінген мәлімдемеде.