29 мам, 2022 сағат 23:36

Әскери қызметшілердің зейнетақысы қалай есептеледі?



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі әлемде бәсекеге қабілеттіліктің басты факторларының бірі барынша цифрландыру екенін атап өткен болатын. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде барлық мемлекеттік органдар тұрақты түрде цифрландыру бойынша жұмыс жүргізуде. Қорғаныс ведомствосы да жаңашылдықтан тыс қалмай, жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді. Мәселен, Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру процесін автоматтандыру арқылы іске асырады. Бұл жайлы толығырақ Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы, полковник Қайыржан Бимолдин әңгімелеп берді, –  деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».


Қорғаныс министрлігі Зейнетақы аударымдары бағдарламасын іске қосқаны бәріне мәлім. Оның ерекшеліктері қандай және зейнетақыны ресімдеу процедурасы қаншалықты қысқартылды? Спикер алдымен осы сұрақтың жауабын беруге тырысты.

Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы, полковник Қайыржан Бимолдиннің айтуынша, цифрландыру басталғалы біраз оң жұмыстар атқарылып үлгерілген. Нақты айтқанда, зейнетақы жүйесін цифрландыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып отырған.

«Елімізде жүріп жатқан «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Қорғаныс министрлігі жүйесі автоматтандырылды. Автоматтандырылғанда, оның ішінде бірінші сұрақтар - Зейнетақы тағайындау, қайта қарау, жаңғырту процестері автоматтандырылды. Сонымен қатар, бұрынғы жүйе бойынша, мұның бәрі қолмен істелінетін және зейнетақы төлемдерінің көшірмелері пошта арқылы жіберілетін. Бүгінгі күнде мұның бәрі интеграциялық жүйе бойынша бірнеше секундтың ішінде жетеді. Ал тағайындауға қатысты құжаттар бұрын пошта арқылы екі айдың ішінде барып жатса, бүгінгі күні екі жұма мен бір айдың ішінде жүзеге асатын жағдайға жетті.

Әскери қызметшілердің зейнетақы тағайындау нормалары Қазақстан Республикасының Зейнетақы заңында қарастырылған. Ол әскери қызметшінің еңбек өтіліне тікелей байланысты. Нақты айтсақ, егер 25 жыл еңбек өтілі болса, ол әскери қызметшіге елу пайыз зейнетақы тағайындалады. Ал 25 жылдан астам жылдарға әр жылға екі пайыздан зейнетақы өсіп отырады. Сәйкесінше 30 жыл еңбек өтілі болған әскери қызметшіге өзінің алып отырған жалақысынан 60 пайыз зейнетақы тағайындалады.

Ал зейнетақыны көтеру нормасы Қазақстан Республикасының Зейнетақы жүйесінің заңында қарастырылған. Оның мөлшері жылдық республикалық бюджетті бекіту туралы Заңында қарастырылады. Соған сәйкес, көрсетілген мөлшерінде жылда осы автоматтандырылған түрде зейнетақыны қайта қараймыз», –  деді Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы, полковник Қайыржан Бимолдин.

Оның айтуынша, Үкіметтен бекітілген ең үлкен норма бұл - барлық әскери қызметшілер мемлекеттік бюджет арқылы зейнетақы тағайындау жүйесіне көшті. Бұрын жинақтау жүйесінде болған.

«Бұл бүгінгі күнгі өте жақсы жетістік деп ойлаймын. Әскери қызметшілердің мәртебесі жөніндегі Заңда жас ұлғайту мәселесі қарастырылған. Биыл ол заңға өзгеріс енгізілді. Бес жылға дейін ұзарту нормасы енгізілген. Соған сәйкесінше, әскери қызметшінің зейнет жасын бес жылға дейін созуға болады. Келешектегі жүргізіліп жатқан жұмыстарды айтатын болсақ, Қазақстан Республикасының Зейнетақы жүйесін жаңғырту жөнінде концепция бекітілген. Сол концепцияға сәйкес, бүгінгі күнде әлеуметтік кодексті дайындап, үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Сол кодекске бүгінгі күнде әскери зейнеткерлер, әскери қызметшілер көтеріп отырған мәселелер бойынша ұсыныс жасалды. Осыны жұмыс ретінде қарастыратын боламыз», –  деді Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы, полковник Қайыржан Бимолдин.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында қазіргі әлемде бәсекеге қабілеттіліктің басты факторларының бірі барынша цифрландыру екенін атап өткен болатын. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде барлық мемлекеттік органдар тұрақты түрде мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Қорғаныс ведомствосы да тыс қалмай, жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді. Мәселен, Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру процесін автоматтандыру арқылы іске асырады. Бұл жайлы толығырақ Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы, полковник Қайыржан Бимолдин әңгімелеп берген болатын. Оның айтуынша, әскери қызметшілердің зейнетақы тағайындау нормалары Қазақстан Республикасының Зейнетақы заңында қарастырылған. Ол әскери қызметшінің еңбек өтіліне тікелей байланысты. Нақты айтсақ, егер 25 жыл еңбек өтілі болса, ол әскери қызметшіге елу пайыз зейнетақы тағайындалады.