08 мау, 2020 сағат 15:43

Әскери борышты өтеу 2 жылға ұзартыла ма - министрлік жауабы

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Қазақстан армиясын мерзімді әскери борышты өтеу жүйесін 2 жылға көшіру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мұндай әңгіме жиі көтеріліп тұратындығын атап өткім келеді. Бірақ бүгінгі күні 1,5-2 жылға іскери борышты өтеуге көшіру жоспарымызда жоқ», - деді Бақыт Құрманбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында. 

Сонымен қатар ол «1 жылдың ішінде сарбаз барлық әскери машықты игеріп шыға ала ма?» деген сауалға да жауап бері. 

«Жас сарбаз курсын өту барысында, әскери бөлімге алғаш келіп түскенде жеке қаруды қолданумен байланысты барлық мәселелер қарастырылады. Яғни, олар автоматпен, тапаншамен атып үйренеді. Аталған атыс қаруларын қолданудың барлық қажетті тәсілдерін, әдістерін, оны ұрыс кезінде қолдану әрекеттерін меңгереді. Содан кейін ол осы курсты өтіп барып ант қабылдайды. Ант қабылданғаннан кейін ғана күрделі техникаларды меңгере бастайды», - деді ол.