14 қаз, 2020 сағат 12:20

Әскери басқару органдарын заманға сай стандарттарға ыңғайлау жоспарланып отыр

Енді әскери комиссариаттар келуге ыңғайлы болады. Сондай-ақ, әскери қызметке байланысты мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа ауыстырылады. Мәліметтер базасы біріктіріледі.

Қазақстанда әскери қызметке баруды ыңғайлы ету үшін Қазақстандағы әскери комиссариаттар жаңартылып жатыр. Бұл жаңалықты республиканың қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, ­ деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Жергілікті әскери басқару және басқару органдарын қайта құру жұмыстары 2020 жылдың басынан бері жүргізіліп келеді. Өзгерістер ғимараттардың сыртқы көріністерінен бастап әскери комиссариаттар жұмысының барлық аспектілеріне әсер етеді.

Осы мақсатта ғимараттарды жөндеу, қажетті қызметтік және тұрмыстық үй-жайларды құру және жабдықтау, оның ішінде келушілерді қабылдау және әскерге шақырылушыларды орналастыру, автомобиль техникасына арналған тұрақтар жаңартылады.

Халықпен жұмыс жасауға көп көңіл бөлінеді. Әрбір азамат әскери комиссариатқа келгеннен кейін әскери есепке алуға және әскери қызметке шақыруға қатысты анықтамалық материалдармен танысуға мүмкіндігі бар болады.

Келушілермен тікелей жұмыс істеу үшін азаматтарды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап бере алатын және қажет болған жағдайда оларды шешуге көмектесетін арнайы қызметкерлері таңдалады және оқытылады.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жергілікті әскери басқару органдарының жұмысын жетілдіруде цифрландыру маңызды рөл атқарады. Бүгінде бұрын әскери комиссариатқа жеке келуі қажет болатын тоғыз қызметті электрондық үкімет порталынан алуға болады. Олардың ішінде есепке қою және есептен шығару, әскери-техникалық мектептерге түсу, тіркеу куәлігі мен әскери билетті, сондай - ақ түрлі ақпараттық анықтамаларды алу бар.

Сонымен қатар әскери комиссариаттарды басқа мемлекеттік органдардың деректер базасымен интеграциялау жүргізіліп жатыр.

Министрліктің хабарлауынша, бұл әскери есепке алуды электрондық форматта жүргізуге мүмкіндік береді, ал әскери міндеттілерді есепке қою және есептен шығару оларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу фактісі бойынша автоматты түрде жүргізіледі.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен елорданың аудандық әскери комитеттерінің базасында "цифрлық жергілікті әскери басқару органы" пилоттық жобасы іске қосылды.

Ал жақын арада барлық жергілікті әскери басқару органдарын осы заманғы бірыңғай стандартқа келтіру жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және азайту жөніндегі қызмет ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Қазақстанла күзгі әскери шақыру науқанында он жеті мыңнан астам қазақстандық әскерге шақырылады. Сонымен қатар 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда әскерге шақыру барысында санитарлық талаптар күшейді. Сондай-ақ, жиын пунктерінде, Қарулы күштердің әскери бөлімдерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар күшейтіліп отыр.

Еліміздегі "әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заң бар. Заңның 27-бабы 3-тармағына сәйкес, қазақстандық азаматтарды әскерге шақыруды жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырады. Ұйымдастыру жұмыстарын да жергілікті атқару органдары қамтамасыз етеді.