03 там, 2021 сағат 11:48

Премьер-Министр халықты вакциналау жұмысын жалғастыруды тапсырды


ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы Үкімет отырысын өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Дельта штамның таралуына байланысты өңірлерде эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Республика бойынша науқастану айтарлықтай көбейген. Ауруханадағы орындар санының 56 пайызы, ал реанимациялық орындардың 44 пайызы толды», - деді Асқар Мамин. 

Үкімет басшысы пандемиядан шығудың жалғыз жолы – вакциналау екенін еске салды. 

«Қазіргі уақытта 5,5 млн-ға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін ектірді және 4 млн-ға жуық адам екінші компонентін алды. Бұл жұмысты жалғастыру қажет», - деді Премьер-Министр.