04 мау, 2024 сағат 11:43

"Құлыбаевқа тиесілі": $66 млн-дық мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды

Сурет: ашық дереккөзден

Ақтауда ауданы 134 гектар аумақты алып жатқан мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Мемлекет меншігіне қайтарылған мұнай терминалы Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан. Оның құны – 66 млн АҚШ доллары, ауданы – 134 гектар. Прокуратура өкілдерінің мәлімдеуінше, талап-арыз Асқар Құлыбаевқа тиесілі компанияның шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қоюы нәтижесінде келтірілген залалды өтеу мақсатында берілген.

"2011 жылы мұнай терминалы Құлыбаев компаниясының меншігіне алынған. 2024 жылдың 26 ақпанында Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, сот актісі заңды күшіне енді", - делінген ресми хабарламада.