Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Жаңа ғана Президент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 82,45 пайыз («Ашық қоғам» институты) дауыс жинағаны белгілі болды. Бұл – бірліктің озық үлгісін көрсеткен барша отандасымыздың ортақ жеңісі!
Осылайша халық өзгерістер мен реформаларды қолдап, тарихи таңдау жасады және Әділетті Қазақстан құру үшін дауыс берді. Енді алдымызда қуатты және демократиялы Қазақстан құру жолындағы маңызды міндеттер тұр. Соның бәрін табысты іске асыру үшін әрі қарай да Президентіміздің маңына топтасу аса маңызды.
Осы ретте Қасым-Жомарт Кемелұлын және әділеттілік үшін дауыс берген Мемлекет басшысының барша жақтастарын бүгінгі айқын жеңіспен шын жүректен құттықтаймын!», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.