06 там, 2022 сағат 15:16

Асаубаева Азияның әйелдер арасындағы үздік шахматшысы атанды


Халықаралық шахмат федерациясы қазақстандық Бибісара Асаубаеваны 2021 жылдың қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы Азияның үздік шахматшысы деп таныды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бибісара бұл туралы Facebook-парақшасында жазды.

"Кеше ФИДЕ-нің марапаттау рәсімі өтті. 15 мәрте әлем чемпионы Вишванатан Ананд маған "әйелдер арасындағы Азияның үздік шахматшысы 2021" сыйлығын табыс етті. Жұмысымды жоғары бағалағаны үшін ФИДЕ-ге алғыс білдіремін", - деп жазды ол.

Еске салайық, былтыр 17 жастағы қазақстандық шахматшы блиц бойынша әлем чемпионы атанған еді. Кейін Асаубаеваны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтаған болатын.

Сондай-ақ, ол Гиннес рекордтар кітабына енді.