18 мам, 2017 сағат 11:20

Асанәлі Әшімовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Асанәлі Әшімовке "Қазақстанның еңбек ері" атағын берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысы театр және кино актері, режиссер Асанәлі Әшімовке "Қазақстанның еңбек ері" атағын берді" делінген Ақорданың Twitter желісіндегі хабарламасында. 

КССР мен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КССР мен Қазақстанның мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Асанәлі Әшімов көптеген рөлдері арқылы Қазақстанның ең танымал актеріне айналған.

Айта кетейік, биыл көрнекті театр және кино актері, режиссер, өнер қайраткері, ұлағатты ұстаз, Қазақстан және КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Халықаралық фестивальдердің бірнеше мәрте жүлдегері, "Отан" орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі, ұлттық сахна өнерінің өркендеуіне мол тәжірибесі, абырой-беделімен елеулі үлес қосқан Асанәлі Әшімов 80 жасқа толып отыр.