25 қыр, 2023 сағат 11:05

Асан Жүсіпов ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болды

Фото ашық дереккөзден алынды

ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген Өкім мәтінінде.

Бұл ретте, Президент өкімімен Талғат Мамыртайұлы Қойбақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.