14 ақп, 2023 сағат 11:50

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу мерзімі екі айға ұзарды

Фото: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі қайта ұзартылды, деп хабарлады Астана қалалық тергеу сотының баспасөз қызметі.

"2023 жылдың 13 ақпанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзартты", - делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры 2022 жылы 28 мамырда екі айға қамауға алынған.

Оған қатысты "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу кезінде 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.