21 жел, 2022 сағат 12:26

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу мерзімі ұзарды

Фото: lada.kz

Бұрынғы мәдениет министрі, Ұлттық музейдің экс-басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады,  деп жазады "Ұлт ақпарат".

"2022 жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Мұхамедиұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, биыл 29 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

Антикор ұлттық музейдің бұрынғы басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тақты.