10 там, 2016 сағат 18:38

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Бокс пен жеңіл атлетикаға сеніп отырмыз

"Мәдениет және спорт министрі үкімет отырысының үзілісінде Қазақстан құрамасының Олимпиада ауылына қалай қоныстанғанын және спортшыларымыздың Рио-де-Жанейродағы доданың ақтық сындарына қалай дайындалып жатқанын айтып берді", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Мәдениет және спорт министрі Бразилияда жазғы Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысып, бүгін таңғы уақытта елге оралды.

"Жалпы алғанда Олимпиада ауылында барлық жағдай жасалған, бірақ әрине, кереметтей деуге де болмайды. Бастысы - спортшыларымыздың алаңдамай, мақсатты түрде дайындалуына мүмкіндік бар", - деп атап өтті министр. 

Министрдің айтуынша, Бразилиядағы ғимараттар сән үшін емес, ойған қонымды етіп салынған. "Мәселен Олимпиада ауылында креслолар емес, қарапайым орындықтар тұр. Бірақ спортшылар үшін ең маңызды жағдай жасалған. Ең бастысы - қауіпсіздік бар. Бұл - Бразилияның бас ауыртатын мәселесі", - деді Қазақстанның мәдениет және спорт министрі. 

Министрдің айтуынша, финалдық ойындар 13 тамызда басталады. Қазақстандық боксшылар, оның айтуынша, жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. "Жеңілатлеттер де 13 тамыздан бастап өнер көрсетеді. Қазір ескек есу сияқты спорт түрінен отандастарымыз финалдық кезеңге өтті. Қазір біз жоғары көрсеткіштер күтеміз. Дзюдошыларымыз Олимпиадаға бірінші рет қатысып отырса да жақсы нәтиже көрсетті - күміс пен қола - бұл жеткілікті", - деп есептейді Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Қазақстандық спортшылардың қандай спорт түрінен алтын медаль алуы мүмкін екені жайлы сұраққа министр өз үмітін айтты.

"Біз әрине боксқа сеніп отырмыз, ауыр атлетикадан да медаль күтіп отырмыз. Шынымды айтайын, мына допинг даулары дайындығымызға үлкен кедергі болды. (...) Жалпы алғанда біздің команда жетіліп келеді, допингпен ойнауға болмайтыны енді спортшылар үшін де, барлығы үшін де үлкен сабақ болды", - деді министр.