12 қаз, 2016 сағат 10:03

Арыстанбек Мұхамедиұлы ар-намысы мен абыройын сотта қорғайтын болды

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ар-намысы мен абыройын сотта қорғайтын болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Министр ар-намысы мен абыройын заң тәртібінде сот арқылы қорғайды. Мұхамедиұлы сот шешімі шықпайынша, БАҚ-тарға қандай да бір пікір білдіруден бас тартты", - делінген министрліктің хабарламасында. 

Осыған дейін Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бұрынғы студенті Еңлік Сыдықова министрді бөтен оймен тиісті деп айыптаған болатын. Видеода қыз 2011 жылы Мұхамедиұлы ректор болғанда академияға ақшаға түсіріп беретінін айтты және екіұшты ұсыныстар айтты деп мәлімдейді. Ал Мұхамедиұлы өз кезегінде бұл мәлімдеменің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген. Осыдан кейін БАҚ-тарда тағы бір қыздың министрі "тиісті" деп айыптағаны жайлы хабар тарады.