24 мау, 2019 сағат 17:10

Арыстағы жарылыстарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Арыс қаласындағы жарылыстардан кейін қару, басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақпаратты Ішкі істер министрлігі растады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Осы факті бойынша ІІМ-нің оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Шымкент бөлімі Қылмыстық кодекстің 462-бабының 1-бөлігі (қару, сондай-ақ басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркеді. Барлық жағдай ішкі істер органдарының қадағалауында" делінген жазбада.

Бұл заңбұзушылық кезінде екі мың айлық есептік көрсеткішке (1 АЕК – 2525 теңге) дейінгі мөлшердегі айыппұл немесе не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен тарту көзделген. Екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылуы мүмкін.